Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады
19 қаңтар, 2026
Фото: Ақорда
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», – деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы – Бурабайда өтті.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
Каспийдегі қайғылы оқиға: Қазақстанға шетел көшбасшылары көңіл айтты
24 қыркүйек, 2026
25 қыркүйекте елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
24 қыркүйек, 2026
Алмас Исаков Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
24 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты