11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

|
Photo: Aqorda
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

|
Photo: Aqorda

Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.

"Ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген достық туралы ой орамдары өте ерекше. Ресей мен Қазақстан – мәңгілік достықтың қос қанаты деп есептейміз. Екі елді, екі халықты риясыз, шынайы достық қарым-қатынас байланыстырады", – деді жастар.

Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

"Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты – өте беделді жоғары оқу орны. Бүкіл әлемге танымал. Қазақстан бүгінде дербес мемлекет. Менің ойымша, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында алған білімдеріңіз болашақта мол пайдасын тигізеді. Өйткені түрлі елдер туралы, оның ішінде Ресейдің бұрыннан келе жатқан одақтасы Қазақстан жайында көп мағлұмат білу Сіздерге кейін жұмысқа орналасуға, сондай-ақ әлемде және өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектеседі, – деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗