Президент 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
5 қыркүйек, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
18 маусым, 2026
Президент телефон арқылы бірнеше облыс әкімдерінің баяндамасын тыңдады
18 маусым, 2026
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
18 маусым, 2026
Қазақстанға Черногория Президенті Яков Милатович ресми сапармен келеді