Отандық әуе компания паркі жаңа ұшақпен толықты
26 қыркүйек, 2025
Фото: Көлік министрлігінен
SCAT әуе компаниясының флоты тағы бір жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесімен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл әуе компанияның осы үлгідегі он бірінші ұшағы.
«SCAT ішкі және халықаралық әуе рейстерін орындау үшін 35 заманауи ұшақты қолданады. Жаңа Boeing 737 MAX 8 биыл әкелінген үшінші әуе кемесі. Жыл соңына дейін әуе компания флоты осы үлгідегі тағы бір ұшақпен толығады», - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Boeing 737 MAX 8 халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары экологиялық тиімділікке ие.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады