«Кішкентай эколог мырза»: атыраулық балақайдың мерекеден кейін қоқыс жинағаны елді сүйсінтті
31 наурыз, 2025
Фото: atyrauoil.official
Қоқыс жинаған кішкентай баланың суретінің астында «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деп жазылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ал баланың ісіне сүйсінген оқырмандар жазбаның астына көптеген жақсы пікірілер қалдырған.
«Үлкендерден ақылды. Қалай адамдар қоқысты лақтырып жүре береді?», «Жаным сол, осыдан үлгі алыңдар! Халқым, өз Отанымызды өзіміз ластамайық!», «Тфай, тфай, осындай баланың ата-анасынан айналдым», «Тәрбиесі мықты екен, ақылды бала, ата-анасына рақмет», «Бұл балаға әкімшілік пәтер берсін», «Жедел велисипед алып беру керек», «Кішкентай эколог мырза», «Халайық, «Тазалық жинаған жерде емес, шашпаған жерде болады». Үлкендеріміз қоқысты тастамайық, балаларды да үйретейік шашпауға» деп жазды оқырмандар.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Курьер болып жұмыс істейтін аналарды төлемдерден айыру туралы ақпарат жалған - министрлік
18 маусым, 2026
Әскери қызметшілер үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді
18 маусым, 2026
Елордада мүгедектерге әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі түсіндірілді
18 маусым, 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылаудың жаңа тетігі енгізіліп жатыр