Үкіметте Алатау қаласының құқықтық мәртебесі пысықталып жатыр
9 қыркүйек, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған отырыста Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Алатау қаласы мен оның ерекше мәртебесіне айрықша назар аударып отырғанын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне құқықтық аспектілерін жасап шығаруды тапсырды. Үш ай ішінде қаланың құқықтық режиміне және оны басқаруға қатысты заңнамалық актілердің жобалары әзірленуге тиіс.
«Цифрлық даму министрлігі бір ай мерзімде үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, «Ақылды қалалар» тұжырымдамасын кеңінен тарату бойынша іс-шараларды әзірлесін»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұқсас жаңалықтар
20 маусым, 2026
Олжас Бектенов жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды
19 маусым, 2026
Олжас Бектенов пен Яков Милатович екіжақты әріптестіктің жаңа бағыттарын қарастырды
18 маусым, 2026
Олжас Бектенов: Қазақстан мәдениет пен шығармашылық қызметке дамудың стратегиялық бағыты ретінде мән береді
18 маусым, 2026
«Даму» қорының мобильді фронт-офистері шалғайдағы 300-ден аса кәсіпкерге кеңес берді