Келер жылы Астанадан АҚШ-қа тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін, 11:06
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Келер жылы Астанадан АҚШ-қа тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: Көлік министрлігі

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігінің назарын Астанадан қатынайтын әуе рейстерін уақтылы іске қосу мәселесіне аударды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нью-Йоркке, Токиоға басқа да бағыттар бойынша тікелей жаңа рейс ашамыз деп көптен бері әңгіме қозғап жатырмыз, әлі нәтиже жоқ. Қандай шаралар қабылдап жатсыздар?»,  - деді Олжас Бектенов.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, бүгінде Астанадан әлемнің түрлі елдеріне 34 халықаралық әуе бағыты бойынша рейстер қатынайды.

Жыл соңына дейін тағы 5 бағыт ашу жоспарлануда. Токиомен тікелей әуе қатынасын іске қосу осы жылдың IV тоқсанында, АҚШ-пен тікелей рейстерді ашу келесі жылдың II тоқсанына жоспарланған.

Еске сала кетейік, Қазақстан алдағы бес жылда аэронавигация инфрақұрылымын толық жаңартады.