Еуропада кең таралатын журнал арнайы шығарылымын Қазақстанға арнады

Еуропада кең таралатын журнал арнайы шығарылымын Қазақстанға арнады
Фото: Kazakh Tourism

Қазақстан туралы бельгиялық Porschist Magazine журналы арнайы шығарылым әзірледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Kazakh Tourism ұлттық компаниясына сілтеме жасап. 

Еуропа аумағында кеңінен таралатын журнал Қазақстанға арналған арнайы шығарылымын жарыққа шығарды. 

Жоба аясында журналистер Алматы мен Астана қалаларын, Байқоңыр мен Шымкентті, сондай-ақ Алматы, Түркістан және Ақмола облыстарын аралады.

Арнайы шығарылым Қазақстанды бірегей саяхаттар мен шабыт сыйлайтын әсерлер мекен ретінде таныстырып, мәдениет пен туризм үндескен ерекше бағыт ретінде көрсетеді.

Жоба Kazakh Tourism компаниясының, сондай-ақ өңірлік туристік кеңселер мен жеке серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылды.