Астаналық джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында джиу-джитсудан ересектер және U21, U18, U16 жас ерекшеліктері бойынша өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы байрақты бәсекеге әлемнің 59 мемлекетінен 1 095 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Елорда құрамасы бұл додада жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 6 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Астана қаласының чемпиондары:
• Мерей Қабдоллаев – U21, 85 кг, неваза;
• Әбдірахман Алиакпаров – U16, 77 кг, неваза;
• Кемаль Рузахунов – U16, 69 кг, неваза;
• Әли Әлибек – U16, +77 кг, неваза;
• Линара Безрукова – U16, 57 кг, неваза;
• Анеля Цой – U18, 48 кг, неваза.

Күміс жүлдегерлер:
• Бекзат Қазтаев – ересектер, 56 кг, неваза;
• Камила Капан – U18, 52 кг, неваза.

Қола жүлдегер:
• Жәмилә Мехдиева – U16, 48 кг, неваза.