Референдум-2026

Батыс Қазақстанда 6,2 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 13:27
Думан Аманжол Думан Аманжол
Батыс Қазақстанда 6,2 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

БҚО Сырым ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 6 200 гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Анықталғандай, ауданның жер пайдаланушылары жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы ауданы 6 200 гектардан астам, кадастрлық құны 75 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жер учаскелері заңды экономикалық айналымға енгізілуде.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қайтарылған жерлерді ауылдық жерлерде тұратын адал ниетті субъектілерге пайдалануға беруге бағдарланған.

Еске салсақ, БҚО-да «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі басталғанын жаздық.