Қазақстандық ММА шебері Азиада финалына шықты

21 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Қазақстандық ММА шебері Азиада финалына шықты
Фото: ҰОК

Қазақстандық жауынгер Қадырбек Шынбаев 2026 жылғы Азиада ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақтағы (modern) жарыстың жартылай финалында өзбекстандық Нодирбек Шавкатовпен кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Қадырбек Шынбаев жеңіске жетіп, Азиада ойындарының финалына өтті.

Енді қазақстандық спортшы жарыстың алтын медалі үшін сынға түседі.

Бұған дейін Жоламан Биғабыл үшінші алтынды ел қоржынына салып, каратэден Азия ойындарының чемпионы атанған еді.