Қазақстан спортшылары Жапонияда «Таза Қазақстан» құндылығын көрсетіп жүр

21 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Қазақстан спортшылары Жапонияда «Таза Қазақстан» құндылығын көрсетіп жүр
Коллаж: Elordainfo.kz//t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары жарыс пен жаттығудан кейін тазалық сақтап, «Таза Қазақстан» құндылықтарын көрсетіп жүр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жапония тазалық пен тәртіпті күнделікті өмір салтына айналдырған ел ретінде танымал. Қазақстандық спортшылар да жарыс пен жаттығудан кейін өз орындарын жинап, тазалыққа ерекше мән беруде.

Бұл әрекет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қалыптастыруға мән беріп отырған тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетімен үндеседі.

Осылайша, ұлттық құрама спортшылары халықаралық жарыс барысында тазалыққа ұқыпты қарау арқылы «Таза Қазақстан» құндылықтарын шетелде де көрсетіп жүр.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болғанын жаздық.