07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкеледі

|
Photo: Фото: Василий Крась
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкеледі

|
Photo: Фото: Василий Крась

Астанада 4-5 қазан күндері Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жәрмеңкеде фермерлер ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түліктің алуан түрін ұсынады.

Астанаға жалпы көлемі 500 тоннаға жуық өнім жеткізіледі. Оның ішінде 130 тонна ет және ет өнімдері, 90 тонна көкөніс пен жеміс, 90 тонна ұн және макарон, 50 тонна бал, 35 тонна сүт өнімдері, шамамен 100 тонна басқа да тауарлар бар.

Жәрмеңкеге келгендер сапалы өнімді тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Сондай-ақ аймақтардан келген шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сауда алаңы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңкелер «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) өтіп жатыр. Іс-шара кезінде жәрмеңке орнына №18, №37 және №303 бағытындағы автобустар қатынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗