07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында – Бектенов

|
Photo: Фото: primeminister.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында – Бектенов

|
Photo: Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Олжас Бектеновке «Росатом» корпорациясының басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді. 

Кездесу барысында тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту тетіктері, отандық құрал-жабдықтар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ кадрлық әлеуетті тарту, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Ядролық-отын циклі процестерін локализациялау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік әріптестерді біріктіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды. 

Ресей тарапы атом электр стансасы құрылысын аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екендігін жеткізді.

Премьер-министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗