11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық оқушылар Барселонада өткен халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

|
Photo: Фото: Астана қаласы Білім басқармасы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық оқушылар Барселонада өткен халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

|
Photo: Фото: Астана қаласы Білім басқармасы

NURORDA мектеп-лицейі оқушылары Испания елінің, Барселона қаласында өткен Халықаралық STEM олимпиадасында математика, жаратылыстану және кодинг категориясында керемет нәтиже көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мектебімізден жазғы олимпиадаға 26 оқушы қатысты. Әр оқушы 2 категориядан емтихан жазды. Емтихан қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді

Жаратылыстану категориясы:

* Алтын медаль — 3 оқушы

* Күміс медаль — 3 оқушы

* Қола медаль — 8 оқушы

Математика категориясы:

* Алтын медаль — 5 оқушы

* Күміс медаль — 3 оқушы

* Қола медаль — 13 оқушы

Кодинг категориясы:

* Алтын медаль — 1 оқушы

* Қола медаль — 1 оқушы

Барселона қаласында өткен Халықаралық STEM олимпиадасына 36 елден мемлекеттен 900-дан астам қатысушы тіркелді.

Солардың ішінен жаратылыстану бағыты бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Асығат Дүйсенов абсолютті жеңімпаз атанды.

Халықаралық олимпиадаға дайындаған ұстаздарымызға алғыс айтамыз

Сонымен қатар, ыстық ықыластарымен оқушыларымызды күтіп алған ата-аналарымызға үлкен рақмет!

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗