Астанада Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылды

Бүгін, 13:26
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жартылай жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Тәуелсіздік даңғылының Ш.Қалдаяқов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 22-23 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Сонымен қатар 22 мамыр күні сағат 21:00-ден 23 мамыр күні сағат 08:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы мен Ш.Қалдаяқов көшесінің қиылысы толық жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Тұран даңғылы бойындағы жол өткелі де уақытша жабылды.