Астанада Солтүстік айналма жолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
25 мамыр, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Солтүстік айналма жолының 191 көшесінен Өндіріс тас жолына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 26 мамыр мен 10 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 маусым, 2026
Creative Aimaq: Қобыланды Болат елордалықтарға ерекше концерт сыйлады
28 маусым, 2026
Астанада бір топ БАҚ қызметкері баспаналы болды
28 маусым, 2026
Астанада 1800-ден астам адам POLICE RUN-2026 бұқаралық жүгірісіне қатысты