Референдум-2026

Астанада рейд барысында қорқор шеккендер мен түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды

Астанада рейд барысында қорқор шеккендер мен түнде қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының «Нұра» ауданы прокуратурасы аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалықі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті рейд барысында ойын-сауық орындарында қыздырылатын темекі өнімдері мен қорқорды заңсыз пайдаланудың 23 дерегі анықталды. Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар да анықталды.

Құзырлы органдар мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Прокуратура елорда тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтап, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң ұстануға шақырды.