Астанада мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізілді

18 желтоқсан, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Астанада мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізеді және қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарға аса мән береді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осылайша, ағымдағы жылдың 4 тоқсанында Департаментке елорда тұрғыны атынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу барысында Халыққа қызмет көрсету бөлімінде регламент уақытын сақтамау фактісінің орын алғандығы жөнінде шағымы келіп түсті.

Шағымды қарау барысында азаматша  «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметтерді алу үшін жүгінгені және кезекте күту уақыты 1 сағаттан асқандығы анықталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарына сәйкес,  құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минутты құрайды.

Осыған орай, Департаменттің ұсынысы негізінде шағымды қарау нәтижесі бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиал басшылығына қызмет алушылар тарапынан  наразылық тудырмау және шағымдарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін тиісті шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізілді.

Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Департаментке Сарыарқа даңғылы 13, мекен-жайы бойынша жазбаша, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы жүгіне аласыздар.