05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді

|
Photo: Фото: astana-akshamy.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді

|
Photo: Фото: astana-akshamy.kz

20-24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Апталық аясында көрермен назарына отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылмақ.

Бағдарламада цифрландырылған классикалық шығармалармен қатар, жаңа заманауи жобалар да қамтылған. Бұл ұлттық режиссерлердің шығармашылығымен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысуға тамаша мүмкіндік болмақ.

«Барша астаналықтар мен қала қонақтарын ұлттық анимация әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!» - делінген хабарламада.

Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).
Басталуы: сағат 16:00. Кіру тегін. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗