«Астана-Талдықорған» бағытында тікелей жолаушылар пойызы іске қосылады
27 наурыз, 2026
Фото: Көлік министрлігі
9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
«№122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон — 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады. Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Жолаушылар басқа пойызға ауысып мінбей-ақ ыңғайлы сапар жасауына мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Қозғалыс күн ара жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
26 қыркүйек, 2026
Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26 қыркүйек, 2026
Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті
25 қыркүйек, 2026
Президент атаулы көңіл айту жеделхаттарын жолдады: қаза болғандар мемлекеттік марапаттарға ұсынылады
25 қыркүйек, 2026
Бас мүфти Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың рухына Құран бағыштады