07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана – Ерейментау бағытында үш автокөлік пойызбен соқтығысып қала жаздады

|
Photo: Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана – Ерейментау бағытында үш автокөлік пойызбен соқтығысып қала жаздады

|
Photo: Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

22 қазан күні сағат 16.27-де Астана – Ерейментау учаскесінің Едіге – Ерейментау аралығында жолаушылар пойызының машинисі 108 км/сағ жылдамдықпен келе жатып реттелетін, қорғалмайтын теміржол өткелінде шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Пойыз жолына кенеттен шыққан үш жеңіл көлік үлкен апатқа, қайғылы оқиғаға себеп бола жаздады.

«Локомотив бригадасы кәсіби және жедел әрекеттің арқасында соқтығысудың алдын алды. Жол ережесінің бұзылуына жол бергендер оқиға орнынан қашып кетті. Пойыз маршрут бойынша 7 минутқа кешігіп жүрісін жалғастырды. Құқық бұзушылық туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жолданды. Оқиғаның себебі – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы», - деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗