Air Astana компаниясы ұшағынан шыққан ақау туралы мәлімдеме жасады

17 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Air Astana компаниясы ұшағынан шыққан ақау туралы мәлімдеме жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақтың шұғыл қонуына байланысты орай түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еске сала кетейік, Алматыдан Астанаға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

«17 желтоқсанда Алматы-Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы борттағы кондициялау жүйесінің сипатсыз иісінің пайда болуына байланысты экипаждың шешімі бойынша ұшу әуежайына оралды.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайтып оралу туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07:40-та штаттық режимде орындалды.

Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды. Жолаушылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те аттандыралады», - делінген хабарламада.

Осы оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіледі.