Абай облысында TargetAI бет-әлпетті тану жүйесі бар бейнебақылау жүйесі енгізілді

Абай облысында TargetAI бет-әлпетті тану жүйесі бар бейнебақылау жүйесі енгізілді
Фото: видеодан скрин

Семей қаласында TargetAI бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Бұл шешім — бейнебақылау және видеоаналитикаға арналған әмбебап платформа, ол камерадан түсетін бейнеағынды өңдеп, жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып талдайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жүйе іске қосылғаннан бері оның мүмкіндіктері іздеуде жүрген тұлғаларды анықтауға көмектескен жағдайлар тіркелді.

Қазіргі таңда Семейде қоғамдық орындарда және жеке ойын-сауық мекемелерінде 80 камера орнатылған.

Жобаны дамыту жұмыстары жалғасуда: болашақта камералар желісін кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр, бұл тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және құқықбұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Биыл жылдың соңына дейін бұл жоба Аягөз ауданында орнатылатын болады.

Заманауи  технологияларды қолдану құқықбұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.