20-21 қараша күндері Армения Премьер-министрі Астанаға ресми сапармен келеді

17 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
20-21 қараша күндері Армения Премьер-министрі Астанаға ресми сапармен келеді
Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді.

Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.