«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі автожолдардағы қазіргі жағдай туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ұлттық компанияның дерегінше, Абай облысында 2025 жылғы 14 қараша сағат 07:30–да республикалық маңызы бар «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 778-960-шақырым аралығындағы (Аягөз қаласы — Жанаөзен ауылы) учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.
Ал екі өңірде шектеулер әлі де күшінде.
Солтүстік Қазақстан облысы
9 қараша күні сағат 11:00–де қолайсыз ауа райына (жауын-шашын, ауыр жүк көліктерінің көптігі) байланысты «Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында, яғни Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысы
5 қарашадан бастап тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.
Бұл шара таулы жерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып, қыс маусымы аяқталғанға дейін күшінде болады.
Ауа райы
Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", — делінген хабарламада.