«Жол қателікті кешірмейді»: жол апатынан аман қалған жүргізуші үндеу жасады
14 қараша, 2025
Оңалхан Өнерхан
Дүниежүзілік жол апаты құрбандарын еске алу күні қарсаңында Ақтөбе облысында полицейлер өңірдегі қауіпті учаскелердің бірі – Самара-Шымкент тасжолында профилактикалық акция өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жүргізушілерге қауіпсіздік белдігін тағудың, жылдамдықты сақтаудың және ұзақ сапарға шығарда демалып алудың маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ іс-шара барысында осы жолда болған ауыр жол апатынан аман қалған жүргізуші өзге азаматтарды рөлде аса мұқият болуға шақырды.
«Түнімен ұйықтамаған соң, рөлде қалғып кетіппін. Көлік тізгіндегенде барынша сақ болыңыздар. Жол қателікті кешірмейді», - дейді апаттан аман қалған азамат.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Курьер болып жұмыс істейтін аналарды төлемдерден айыру туралы ақпарат жалған - министрлік
18 маусым, 2026
Әскери қызметшілер үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді
18 маусым, 2026
Елордада мүгедектерге әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі түсіндірілді
18 маусым, 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылаудың жаңа тетігі енгізіліп жатыр