Жолда жабайы жануарлар кездескен жағдайда не істеу керек?
19 мамыр, 2025
фото: freepik.com
Көктемгі және күзгі мезгілдерде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, әсіресе далалық және жазық аймақтарда жабайы жануарлардың, соның ішінде киіктердің жолға шығу жағдайлары жиі кездеседі. Бұл жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ҚазАвтоЖол» азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге бірқатар қауіпсіздік ережесін ұсынады.
- «Жабайы жануарлар» жол белгісі бар аумақтарда жылдамдықты төмендетіңіз. Бұл – түнгі уақытта аса маңызды, себебі шектеулі көріну жағдайында жануарларды дер кезінде байқау қиынға соғады.
- Таңғы және кешкі мезгілде ерекше мұқият болыңыз. Жабайы аңдар дәл осы уақыттарда белсенді қозғалыста болады.
- Жол бойынан жануарлар тобын байқасаңыз, дыбыс сигналын бермеңіз. Жануарларды үркітпеңіз және оларды айналып өтуге тырыспаңыз. Көлікті жол шетіне тоқтатып, жануарлар толықтай өтіп кеткенше күтіңіз
- Көліктен түспеңіз. Киіктер – өте үркек жануарлар. Олар күтпеген жерден жолға секіріп шығып, апатты жағдай туындатуы мүмкін.
- Қоршаулардың зақымдануын немесе жануарлардың шоғырланған жерлерін байқасаңыз, тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Бұл табиғатты қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи Қазақстанға алғаш рет келді
25 қыркүйек, 2026
Бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні өтіп жатыр
24 қыркүйек, 2026
Қазақстаннан Қытайдың Чунцин қаласына жаңа әуе рейсі ашылды
23 қыркүйек, 2026
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы соңғы 10 күндегі фейктерге шолу жасады