07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жалған айғақтар бергені үшін Түркістан облысының тұрғыны сотталды

|
Photo: Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жалған айғақтар бергені үшін Түркістан облысының тұрғыны сотталды

|
Photo: Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Бұзақылық және адам ұрлау қылмыстары бойынша сот барысында куә сотталушыны аса ауыр санаттағы қылмыстық жауаптылықтан босату мақсатында екі рет жалған жауап берген, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Куәнің бұл іс-әрекеті  сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабын өзгерту арқылы сотты жаңылыстыру болған.

2024жылдың 7 тамызында сот аталған қылмыстарды жасаған сотталушыға 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, куәге қатысты қылмыстық іс қозғау қажеттігін қарастыру туралы жекеше қаулы шығарған.

Cот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толығымен дәлелдеді.

Нәтижесінде сотта куә ретінде жауап берген азамат аса ауыр қылмыстық іс қарау барысында қасақана жалған айғақтар бергені үшін ҚР ҚК 420-б. 2-б. бойынша кінәлі ретінде танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗