06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұлттық ұлан жауынгерлері АҚШ-тан келген әріптестерімен тәжірибе алмасты

|
Photo: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ұлттық ұлан жауынгерлері АҚШ-тан келген әріптестерімен тәжірибе алмасты

|
Photo: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан жауынгерлері АҚШ Қарулы күштерінің нұсқаушыларымен бірге өткен тактикалық медицина бойынша оқу-тренингіне қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өскеменде 3477 әскери бөлімінің Антикризистік орталығы базасында өткен  оқу курсының мақсаты – «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі әскери қызметшілерінің жауынгерлік (тактикалық) жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру және кәсіби даярлығын арттыру болды.

Сабақ барысында ұландықтар MARCH алгоритмін кезең-кезеңімен қолдануды, өмірге қауіпті қан кетуді тоқтату әдістерін, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету тәсілдерін, кеуде қуысы жарақаттарында және денеге бөгде зат түскен жағдайда әрекет ету тәртібін, сондай-ақ дала жағдайында қан құю мен инфузиялық терапия жүргізу дағдыларын меңгерді.

Сонымен қатар, медициналық қамтамасыз ету ісін жоспарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтсақ, эвакуациялық маршруттарды ұйымдастыру, басшылық құраммен өзара іс-қимыл және жаралыларды жинау пункттерін құру тәртібі пысықталды.

Оқу-тренинг қорытындысы бойынша әскери қызметшілер шектеулі уақыт пен ресурстар жағдайында көмек көрсету бойынша тәжірибелік дағдыларын бекітті. Бұл өз кезегінде дағдарыс жағдайларда, жергілікті арнайы операцияларда және террорлық актілердің салдарын жою барысында тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік береді.


 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗