Тоқаев пен Мирзиёев бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады
18 наурыз, 2025
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты
31 шілде, 2026
Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр – Тоқаев
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев консультативтік кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға барды
31 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады