05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Кино және театр актері Әділ Ахметов Республика күнімен құттықтады

|
Photo: фото: Ә.Ахметов/Instagram
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Кино және театр актері Әділ Ахметов Республика күнімен құттықтады

|
Photo: фото: Ә.Ахметов/Instagram

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал кино және театр актері Әділ Ахметов қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады  Elordainfo.kz.

«Құрметті қазақ елі! Баршаңызды тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің, айбынды азаттығымыздың айғағы болған Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін. Мереке құтты болсын!», - деді Әділ Ахметов.

Естеріңізге саламыз, биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде үшінші мәрте атап өтіледі.

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.  Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып белгіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗