05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі анықталды (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: видеодан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі анықталды (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Шымкент-Самара тасжолында жол ережелерін бұзған той кортежін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің нәтижесінде Mercedes-Benz және бес бірдей Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Оларға маневр жасау ережесін бұзу, жол қозғалысына қауіп төндіретін әрекеттер және көлік құралдарын пайдалану тәртібін сақтамау баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жүргізушілермен жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп сақтауға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң талаптарына бей-жай қарамауға шақырады.


 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗