СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы 14 мемлекетке бармауға кеңес берді

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы 14 мемлекетке бармауға кеңес берді
Фото: СІМ

Министрлік Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар елге барудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:

-Бахрейн
-Мысыр
-Израиль
-Йемен
-Иордания
-Ирак
-Иран
-Қатар
-Сауд Арабиясы Корольдігі
-Кувейт
-Ливан
-БАӘ
-Оман
-Сирия

«Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауын орындауға, соның ішінде зымыран қаупі туындаған жағдайда дереу паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз», делінген хабарламада.

Еске салсақ министрлік Таяу Шығыс елдерінен 3,3 мыңнан астам қазақстандық елге оралғанын хабарлады.