Шерзат ісі: бүгін сотталушылардың апелляциялық шағымы қаралады
18 тамыз, 2025
фото: t.me/Jogargy_sot
Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі, заңгер Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша 8 сотталушының апелляциялық шағымы Алматы облыстық сот ғимаратында қаралды. Сонымен қатар екі қызға қатысты, одан бөлек Юлдаш Розыбакиев пен Арлан Қазекеновке қатысты шыққан 1-ші сатының жеке қаулысына келтірілген Дана Жақсыгелдінің де жеке шағымы сот отырысында қаралады»,- деді Мейірман Шекеев.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Бұл іс бойынша іс бойынша 9 адам сотталды. Бірақ 25 шілде күні 1,5 жылға сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды