Қызылордада ғасырлық тарихы бар вокзалдар қайта жаңғыртылды
Көлік министрлігі Қызылорда облысындағы көне вокзалдар күрделі жөндеуден кейін қайта ашылғаны туралы жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1903 жылы салынған Қазалы вокзалы заманауи инфрақұрылымға ие болды. Оның ауданы 1 мың шаршы метрден асты. Станция арқылы 24 жолаушылар пойызы өтеді.

1976 жылы салынған Жаңақорған вокзалы толығымен жаңартылды. Үш қабатты ғимараттың ауданы 922,3 шаршы метрге дейін артты. Станция арқылы Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Көкшетау, Маңғыстау облыстарымен, Оралмен, Түркістанмен, Петропавлмен, сондай-ақ Ресеймен және Өзбекстанмен байланысты қамтамасыз ететін 30 пойыз өтеді.
1904 жылы салынған Шиелі станциясы да толығымен жаңартылды. Ғимараттың ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарымен, Оралмен, Көкшетаумен, сондай-ақ Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен байланысты қамтамасыз ететін 26 пойыз жүреді.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында төрт теміржол вокзалы жаңартылып, пайдалануға берілгені туралы жаздық.