Президент «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға қол қойды
30 желтоқсан, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының 2025 жылғы қызметінің қорытындылары жарияланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
18 маусым, 2026
Президент телефон арқылы бірнеше облыс әкімдерінің баяндамасын тыңдады
18 маусым, 2026
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
18 маусым, 2026
Қазақстанға Черногория Президенті Яков Милатович ресми сапармен келеді