Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
18 қараша, 2024
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Бавария Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Жапония жасыл жобаларды қаржыландыруды талқылады
17 қыркүйек, 2026
Президент Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады
17 қыркүйек, 2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен форумда шекара қауіпсіздігі мәселесін көтерді