Оралда әскери кафедра оқытушыларына аз жалақы төленген

Бүгін, 13:37
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Оралда әскери кафедра оқытушыларына аз жалақы төленген
Фото: Оңалхан Өнерхан

Орал гарнизонының әскери прокуратурасы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің әскери кафедрасының қызметін тексерді, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде оқытушылардың жалақы мөлшері еңбек заңнамасының талаптарына қайшы белгіленгені еңбекақы төлеудің теңсіздігіне әкеп соққаны анықталды.

Қадағалау актісі негізінде еңбекақы жүйесі заңнамаға және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес келтірілді.

Оқытушылардың жалақысы орта есеппен 150-200 мың теңгеге көбейтілді.

Қабылданған шаралар оқытушылардың Конституциямен кепілдік берілген еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және жалақыны субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ведомство басшысының бұйрық жобасын әзірлеген болатын.