Президент Таиланд Королін туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент өз құттықтауында бұл мерекенің Таиланд Корольдігінің орнықты дамуының, сондай-ақ елдің ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айқын көрінісі ретінде Таиланд халқы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Маха Вачиралонгкорнға жауапты мемлекеттік қызметінде толайым табыс, ал Таиланд халқына амандық, құт-береке және өсіп-өркендеу тіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.