Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.