Мектептегі тамақтану жүйесін цифрландыру өңірлерде бюджет қаражатын 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік берді

Бүгін, 17:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мектептегі тамақтану жүйесін цифрландыру өңірлерде бюджет қаражатын 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік берді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Қазақстан GovTech бағытын және цифрлық мемлекеттік қызметтерді дәйекті түрде дамытып келеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкіметтің бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Вице-премьер жаңартылған eGov Mobile қосымшасы ай сайынғы аудиторияны бір жыл бұрынғы 4,2 миллион пайдаланушымен салыстырғанда 6,4 миллион пайдаланушыға дейін арттырғанын атап өтті. EGov Business платформасы іске қосылды, ол арқылы бір жылда 4,6 млн қызмет көрсетілді.

«Іс жүзінде экономикалық тұрғыда тиімділігін көрсетіп отырған «Әлеуметтік әмиян» елеулі түрде дамуда. Мектептегі тамақтану жүйесіне 6,7 мың мектеп қатысады, 49 млн тегін түскі ас беріледі, бұл ретте өңірлерде бюджет қаражатын үнемдеу 15%-дан 30%-ға түсті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында жүйе 700-ден астам мемлекеттік дәріхана мен 13 млн рецептіні қамтыды», - деп толықтырды Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін министр Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтқанын айтқан болатын.