Референдум-2026

Елордадағы вандализммен күрес: 94 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 67 адам қамалды

Елордадағы вандализммен күрес: 94 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 67 адам қамалды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары вандализмге қарсы күресті үздіксіз жүргізіп келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Жыл басынан бастап бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 94 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 67 адам қамауға алынды, 27 адамға жалпы сомасы 5 млн теңге айыппұл салынды.

Мысалы, 4 маусымда сағат 16.30-дар шамасында астаналық тұрғын мас күйінде полиция бөлімінде есіктің әйнегін қасақана сындырып, 90 мың теңге сомасына шығын келтірген. Ол 10 тәулікке қамаққа алынды.

Тағы бір жағдайда 38 жастағы қала тұрғыны Шейх Кунта Қажы атындағы мешіттің маңдайшаларын жұлып лақтырып тастаған. Нәтижесінде ол 15 тәулікке қамалды.

Осыған ұқсас оқиға 20 мамырда сағат 17.30 шамасында болды, 20 жастағы елорда тұрғыны қасақана шлагбаумды зақымдаған. Оған 50 АЕК айыппұл салынды.

Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын айналасындағыларға құрмет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады және аталған әрекеттерді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабына сәйкес 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаға немесе 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертеді.

Еске сала кетсек, Астанада полиция жыл басынан бері омниканалды жүйе арқылы 30 мыңнан астам өтініш қабылдады.