Референдум-2026

Елордада бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған күдікті ұсталды

24 шілде, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: видеодан скриншот/Polisia.kz

31 жастағы тұрғын кезінде өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан миллиондаған теңгенің электр кабелін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметінше, ер адам нысанның аумағына еркін кіріп, электр кабелін жасырын түрде алып кеткен. Ұрланған мүліктің жалпы құны 21 миллион теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Анықталғандай, ол нысанның құрылымын, күзет жүйесін және материалдық құндылықтардың орналасуын жақсы білген. Осыны пайдаланып, қылмысқа барған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция мүлік иелеріне өндірістік және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бейнебақылау жүйелерін жетілдіруді және материалдық құндылықтардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізуді ұсынады.