Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың бас санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева қанша адамның тұмауға қарсы вакцина салдырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Елорда бойынша екпемен 99,8% қамтылды, яғни 160 000 тиесілі адамның 159 539 адам егілді. Вакцинация тұмаудың ауыр асқынуларының алдын алудың немесе оны азайтудың ең жақсы әдісі екенін ескеріңіздер. Вакцинация нәтижесінде алынған иммунитет аурудан сенімді қорғайды», - деді Айгүл Шағалтаева.
Сонымен қатар ол тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайтынын, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда, осы жылғы вакцинамен алу керектігін ескертті.
Вакцинациядан кейін иммунитет - 14 күннен кейін қалыптасады және 1 жылға дейін сақталады.