Елімізде «Кітапхана және кітап басу туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кітапхана және кітап басу туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Бұл туралы Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Зерделі ұлт болмысы» атты дөңгелек үстелде Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет мәлімдеді.
Оның айтуынша, заң жобасында кітап саласын кешенді қолдауға бағытталған бірқатар жаңа тетіктер қарастырылған.
Атап айтқанда, әдеби агенттіктердің қызметін дамыту, қаламгерлерге гранттар бөлу, қазақстандық шығармаларды шетел тілдеріне аудару және халықаралық кітап нарығына шығаруды мемлекеттік қолдау мәселелері қамтылады.
Бұған дейін елімізде кітап оқуды насихаттайтындарға ұлттық сыйлық тағайындалатыны туралы жаздық.