Астананың бүгінгі ауа райы: Жаңбыр, бұршақ және қатты жел

Астананың бүгінгі ауа райы: Жаңбыр, бұршақ және қатты жел
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығып, найзағай жарқылдайды, жаңбыр жауады, кей уақытта қатты нөсерге айналып, артынан бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с-ге жетеді. 

Күндіз ауа температурасы +16, +18°C.