Жапониядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан туы көтерілді

18 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жапониядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан туы көтерілді
Фото: olympic.kz

Жапонияның Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарына қатысатын елдердің тулары салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстан делегациясын Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев бастап барды.

Рәсім барысында ол Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен естелік сыйлықтар алмасты. Сонымен қатар Қазақстанның Азиадаға қатысуын есте қалдыру мақсатында делегация мүшелері Garden Pier аумағына ағаш отырғызды.

Оқи отырыңыз: Жазғы Азия ойындарына қай өңірдің спортшылары көп барады

ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Аичи мен Нагояда ұйымдастырылатын жарыстар 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстан атынан Азия ойындарына 559 спортшы қатысады. Қазақстанның Мемлекеттік туын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құраманың спортшысы Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады.

Еске сала кетейік, жазғы Азия ойындарына 70-тен астам астаналық спортшы қатысады.