14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады – Президент

|
Photo: akorda.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады – Президент

|
Photo: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында. Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін.

Халқымыз «Егін ексе – ел тоқ» деп бекер айтпаған. Былтыр біз мол астық алып, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік.

Биыл да күзгі жиын-терін берекелі болды. Диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады. Әр аймақ ел қамбасына мол үлес қосты. Соның ішінде Ақмола облысы ең жоғары көрсеткішке (7,5 миллион тонна) ие болды. Қыркүйек айында егін орағының барысын көру үшін облысқа арнайы барғанымды білесіздер», - деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗