12–17 қараша аралығында Берлин қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі өтіп жатыр. Көрме Димаштың Еуропадағы жеке концерттеріне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Экспозиция Erster Erster галереясында қойылған. Бұл орын 14 қарашада өтетін «Stranger» шоуы жоспарланған Max-Schmeling-Halle аренасына жақын орналасқан.
Көрмеде суретші Punktgeläut-тың маймен салынған картиналары мен қарындашпен салған жұмыстары қойылған.
Автор еңбектері Димаштың шығармашылық жолындағы ерекше сәттерді, сондай-ақ оның жақын адамдары – Раушан Құдайберген мен Расул Усмановтың портреттерін қамтиды.
Көрменің идеясы – Димаштың өнердегі әсерін, музыкадан тыс оның әлеуметтік бастамаларға қосқан үлесін көрсету.